"Жезказған калалык жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
76-76-50
Главная Объявления Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан  Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбес

Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан  Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесіне қосудың тәртібі

Опубликовано: 07 июня 2016

Ұйымдардың тізбесіне енгізу тәртібі

Тізбеге :

      1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 248-бабы 13) тармақшасының шарттарына сай келетін ұйымдар;

      2) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі немесе жалғыз құрылтайшысы Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі болып табылатын ұйымдар енгізіледі

 

Тізбеге енгізу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады (Қағидалардың-4 тармағы):
     1) нысан бойынша Тізбеге енгізуге өтініш;
      2) Кодекстің 248-бабына сай келетіні туралы анықтама(форма 200,0);
      3) ұйымдардың жарғысы және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмелері;
      4) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы және жалақысы көрсетілген штаттық кесте;
      5-6) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінде немесе Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі құрған ұйымдарда жұмыс жасайтын адамдардың мүгедектігі туралы анықтамаларының көшірмелер және өндірістік базаның болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      7) тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдары үшін – сапа сертификатының көшірмесін қоса, шығарылатын өнімнің тізбесі;
      9) жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдары үшін – егер қызмет түрі лицензиялауға жататын болса, лицензияның көшірмесі;
      10) жабдықтардың тізбесі.

Құжаттарды тапсыру мерзімі– жылдың бірінші және екінші тоқсаны ішінде, бірақ тиісті тоқсанның соңғы айының 30-күнінен кешіктірмей береді.

 

Тізбеге өтініш берушіні енгізуден мынадай:

   -   тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған (Қағидалардың 4 тармағы);

 талаптарға сай келмеген жағдайларда бас тартылады.

    - өтініш берушінің құжаттарында көрсетілген ақпараттардға сәйкес келмеуі.

Бас тарту туралы өтініш берушіге құжаттарды берген күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жазбаша нысанда хабарлайды.