"Жезказған калалык жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
ggg76-76-50
Главная Объявления «Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы» Жезқазған қалалық мәслихат шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы» Жезқазған қалалық мәслихат шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Опубликовано: 04 декабря 2018

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына  және  Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихат шешімінің жобасы әзірленді.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаты Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жыл сайын біржолғы әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.

            Жыл сайын біржолғы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері ағымдағы жылдың 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.

           Жобаны іске асыру шығындарды қалалық бюджет қаражат есебінен жүргізіледі.

 

Бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

 

Бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталының ашық НҚА бөлімінде орналастырылды.